Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мектепте Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылып, білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Іс-шараға қатысатын дублерлер алдын ала іріктеліп алынып, өз міндеттері мен жауапкершіліктері бойынша нұсқаулықпен таныстырылды.

«Дублер күніне» арнайы штаттық кесте бекітіліп, сол күнгі сабақ үдерісі 9–11 сынып оқушыларының мұғалімдер рөлінде сабақ өткізуімен жүзеге асырылды. Сабақтардың дұрыс өтуін қамтамасыз ету мақсатында ұстаздар ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, бақылаушы ретіндеқатысты.
Іс-шара жоспар бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды.
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылдың қаңтар айы "Заң мен тәртіп" айлығы жоспары құрылып, бекітілді. Айлықтың ашылуы жиында білім алушылар мен сынып жетекшілерге таныстырылды.
Айлықтың мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу.

#АДАЛАЗАМАТБІРТҰТАСТӘРБИЕ

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Заң мен тәртіп" айлығы барысында жоспар бойынша "Бала денсаулығы - ата-ана мен қоғам жауапкершілігі" тақырыбында мектеп медбикесі Ш.Шаханова 5 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты:

- Баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуда ата-ана, мектеп және қоғамның бірлескен жауапкершілігін арттыру;
- Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру;
- Жасөспірімдер арасында денсаулыққа зиянды әдеттердің алдын алу;
- Мектеп, медицина қызметкерлері мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты нығайту.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Заң мен тәртіп" айлығы барысында мектеп психологы Г.Р.Айнакулова құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Буллинг" туралы жасырын түрде сауалнама алды. Сауалнаманың мақсаты: баланың мектеп өмірінде булингтің бар екенін анықтау. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылар шынайы жауап берді. Буллинг, ақша жинау, бейресми топтардың жоқ екендігі анықталды.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Алға орта мектебі» КММ