Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ
Сауытбек ауылы, Алға орта мектебінде Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагері Қойшыбаев Самат Өксікбайұлымен кездесу- кеші өтті. Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағамен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Кездесу барысында тақырыпқа сай бейнекөрсетілім тамашаланып, ардагерге сұрақтар қойылып, естеліктері айтылды. "Жас Ұлан" ұйым мүшелерінің сазды бағдарламсы да назардан тыс қалмады.#Ауғансоғысы
Сауытбек ауылы, Алға орта мектебінде тарих айлығы барысында ұжым қызметкерлері арасында "Бір ұжым — бір жүрек, бір мүдде " байқауы өтті. Мақсаты шығармашылық қасиеттерін нығайту, ауызбіршіліктерін арттыру. Байқау барысында қызметкерлер жан - жақты қырларынан танылып, әртістік шеберліктерін де көрсете білді. Әуезді ән, би, пародия кезеңдері бойынша көрермендерге тамаша көңіл - күй сыйлады. Байқау соңында түрлі номинациялармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
– Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау;
“Тіл мен әдебиет – ұлт рухы” айлығының мақсаты:






