"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Заң мен тәртіп" айлығы барысында ,ілім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Құқық лидері» тақырыбында сайыс сабағы өткізілді. Сайыс сабағына білім алушылар белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының заңдары, бала құқықтары, міндеттері, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша білімдерін көрсетті.
Іс-шара барысында сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас кезеңдері ұйымдастырылды. Сайыс сабағы оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне, құқықтық мәселелерге бейжай қарамауына, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын түсінуіне ықпал етті.
Қорытындылай келе, «Құқық лидері» сайыс сабағы өз мақсатына жетіп, білім алушылардың құқықтық белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.


