«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЭКРАН АРҚЫЛЫ Алға орта мектебінде 2026 жылғы 19 қаңтарда оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда «КІТАП БЕТБЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» және «ХУЛИГАНКА» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
Аталған кинокөрсетілім Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып отырған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту, оқушылардың заңға бағыну жауапкершілігін арттыру және азаматтық санасын қалыптастыру.


