"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылдың қаңтар айы "Заң мен тәртіп" айлығы жоспары құрылып, бекітілді. Айлықтың ашылуы жиында білім алушылар мен сынып жетекшілерге таныстырылды.
Айлықтың мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу.


