Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ
"Qarzhy Saqshysy"
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысының ардагері Қойшыбаев Самат Өксікбайұлымен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында ардагер оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығы, Отан алдындағы борыш және бейбіт өмірдің құндылығы туралы баяндады.«Елін сүйген ер ешқашан ұмытылмайды» деген сөздің мәнін терең түсіндіріп, батырлардың рухына тағзым ету – кейінгі ұрпақтың парызы екенін атап өтті.Жастарға елге қызмет ету – үлкен мәртебе екенін жеткізді. Кездесу соңында оқушылар ардагерге ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсті.
Шу ауданының білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 06.02.2026 жылғы №03-593 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 10 ақпан Халықаралық қауіпсіз интернет күні Алға орта мектебінде 2-11 сынып білім алушылары арасында сынып сағаттары мен педагогтер арасында интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған түсіндірме жұмыстарын информатика пәні мұғалімі М.Жусанбаев жүргізілді. Аталған күннің негізгі мақсаты — интернетті жауапты әрі қауіпсіз пайдалану туралы балаларды ақпараттандыру және цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.






