Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде Ауған кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагері Қойшыбаев Самат Өксікпайұлымен кітапханада дөңгелек үстел отырысы өтті. Ауғаныстан соғысы 1979-1989 жылдары Ауғаныстан аумағында болған қарулы қақтығыс.Бұл соғысқа бұрынғы Кеңес одағы әскерлері қатысқан.1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскері Ауғанстаннан толық шығарылды. Соғыс 10жылға созылды .

Мыңдаған адам қаза тапты..Кездесу барысында Ардагер ағамызға көптеген сұрақтар қойылды. Өзінің басынан өткен сұрапыл соғыстың енді қайтып келмеуін ,болашақ ұрпағымыз бейбітшілік заманда өмір сүрулерін баса айтты.Кейінгі жастарға білікті ,білімді ,зейінді болуларына , тек биіік биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.

Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде 9.02. күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, қазақ тілі айлық жоспары аясында тіл мамандарының ұйымдастыруымен "Мұқағали - мәңгілік өмір" тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Мақсаты: ақын шығармашылығын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін орындау.

Кеш барысында көркем сөз оқу, әндерінен сахналық қойылымдар көрсетіліп тамаша көңіл-күй сыйлады. #МұқағалиМақатаев95жыл

Алға орта мектебінде жалпы мектепішілік №2 ата-аналар жиналысы «Бала қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік» тақырыбында өтті. Мектеп директоры: Е.Қ.Примбердиев жиналысты ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен таныстырып өтті.

1. І тоқсан қорытындысы ДОІЖО: Б.Диханбаева, ДТІЖО: Б.Жанкоразова
2. Бала денсаулығы – басты назарда «Тұмау мен инфекцияның алдын алу».Баяндама мектеп медбикесі: Ш.Шаханова
3. «Кибербуллинг пен әлеуметтік желідегі қауіп қатер».Баяндама психолог: Г.Айнакулова
4. Әр түрлі мәселелер
Жиналысты мектеп психологі Г.Айнакулова көңілді қимылдармен , музыкамен ата-аналарға жағымды көңіл күйде тренинг жүргізіп, бала қауіпсіздігі туралы жаднама таратты. Сонымен қатаар 1 мәселе бойынша І тоқсанның білім сапасы мен мектептегі Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың түрлі байқаулардан алған жетістіктері слайд арқылы көрсетілді. Балалардың аналарына деген сезімдері мен разылықтары бейне ролик арқылы тамашаланды. Қазіргі өршіп тұрған Гонконг тұмауының алдын алу және сақтану шаралары туралы кеңес берілді.
#АТААНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Халық жанашыры, Жамбыл облысының Құрметті азаматты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, "ЕлАна" қоғамдық қорының президенті, халықаралық "Qfzaqsnan dauiri" газетімен республикалық "Мөлдір бұлақ" балалар журналының директоры Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы "Ауыл тағдыры - Ұлт болашағы" экспедициясы аясында ауданымызға ат басын бұрып, М.Мақатев атындағы тірек мектебінде кездесу өтті. ЕлАнасын "Аманат" партиясы аудандық филиалының төрағасы Б.Ниязбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев бастап жүрді. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтар мен оқушылар қатысты. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болды.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Алға орта мектебі» КММ