Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҚДСҰО) ақпараты негізінде келесіні хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында мектептік тамақтанудың жаңартылған стандарты күшіне енді. Аталған стандартты енгізу балалардың денсаулығын нығайту және инфекциялық емес аурулардың алдын алу жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс тамақтану мәселелері ерекше өзектілікке ие. «Қазақстан Республикасында 6-9 жастағы балалар арасында жеткіліксіз тамақтану көрсеткіштерін бағалау, 2020 (COSI)» зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, көрсетілген жастағы әр бесінші бала артық салмаққа ие. Мектеп оқушыларының төрттен бірінен астамы үнемі таңғы ас ішпейді, бұл олардың үлгерімі мен жалпы хал-жағдайына кері әсер етеді. Сонымен қатар, балалардың 60 %-дан астамы күнделікті көкөніс тұтынбайды, шамамен 67 %-ы жеміс-жидек жемейді. Бұл деректер білім беру ортасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға жүйелі түрде қарау қажеттігін дәлелдейді.

Халықтың сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, тағам өнімдерінің таңбалануын оқып түсіну бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ ұтымды тамақтану арқылы халықтың өз денсаулығына жауапты және саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында ҚДСҰО Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік бюросының қолдауымен «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық бейнеролик әзірледі.

Бракераж комиссия мүшелері мектеп асханасында  оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық  талаптардың сақталуын бақылау мақсатында санпин талаптарын басшылыққа ала отырып тексеру жүргізді.Нәтижесінде:Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын, көкөніс сақтайтын орындар, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқай сай.Тауар көршілестігі сақталған.Дайын астың оқушыларға таратуға  болатыны мен сапасы туралы бракераждық журналы уақытылы толтырылған.Тәуліктік сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген.Бақылау асы қойылған.Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.

Бракераж комиссия мүшелері асханаға кезекті тексеру жұмысын жүогізді.Нәтижесінде:Тексеру барысында дайын тағамдардың сыртқы көрінісі, дәмі,температуралық режимі, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігі, және асхана қызметкерлерінің санитарлық нормаларды сақтауы қаралды.Сондай- ақ тағам өнімдерінің құжаттары мен сақтау жағдайы қаралды.Санитарлық талаптарға қайшы келетін елеулі бұзушылықтар анықталған жоқ.Ұсақ ескертулер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Алға орта мектебінде 2025-2026 ж қаңтар айында Ыстық тамақпен қамту барысында жүргізілетін жылдық жұмыс жоспарының аясында    көпбалалы аз қамтылған және 1-4 сынып оқушыларына  7 "А"сынып жетекшісі Д Абдрахманова "Дұрыс тамақтану дегеніміз не" деген тақырыпта ақыл-кеңесін берді.

Дұрыс тамақтану-бұл адам ағзасына қажетті барлық қоректік заттарды (ақуыз,май, көмірсу, дәрумендер мен минералдар) күнделікті әрі теңгерімді түрде қабылдау.Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, бойдың дұрыс өсуіне, оқу үлгерімін жақсартуға және түрлі аурулардың алдын-алуға көмектеседі.

Дұрыс тамақтану дегеніміз-уақытында тамақтану, пайдалы тағамдарды таңдау(көкөніс, жеміс,сүт өнімдері,ет, дәнді дақылдар) және зиянды дақылдарды (чипсы, газды сусындар, тәттілер) шектеп тұтыну екендігін айтып түсіндірді.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Алға орта мектебі» КММ