Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ

МЕНЮ

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Заң мен тәртіп" айлығы барысында жоспар бойынша "Түнгі уақытта жасөспірімдердің жүрісі - заңмен шектеледі" тақырыбында түнгі рейд ұйымдастырылды. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың заңсыз және қауіпті жағдайларға тартылуына жол бермеу. Ата-ана бақылауын күшейтуге ықпал ету, жасөспірімдердің түнгі мезгілде қоғамдық орындарда жүру фактілерін анықтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы құқықтық тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" айлығы барысында 8-11 сынып білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі жөнінде ақпарат беру.
Түсіндірме жұмыстары барысында білім алушыларға:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары;
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері;
әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері;
зиянды әдеттердің және теріс әрекеттердің салдары туралы мәліметтер берілді.Сондай-ақ оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, құқықтық жағдайлар мысал ретінде талқыланды. Іс-шара барысында оқушылардың белсенділігі байқалып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Жүргізілген түсіндірме жұмыстары білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға оң ықпал етті.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" айлығы барысында "Құқықтық сауаттылық - қауіпсіз болашақ" тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық білімін арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу. Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздік пен жауапкершілік сезімін дамыту арқылы саналы, заңға бағынатын азамат тұлғасын тәрбиелеу. 1 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі И.Муканова "Мен де өз құқығымды білемін!", 9 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі А.Маха "Арам мен адал, обал мен сауап", 10 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі М.Жусанбаев "Адал ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбтарын қамтыды.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" айлығы барысында "Жолда жүру мәдениеті - сені де, мені де сақтайды" тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: Білім алушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімін арттыру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту. Оқушыларды жол ережелерін сақтауға, өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу арқылы қауіпсіз орта қалыптастыру.

6 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі М.Примбердиева " Реттеушінің белгілері" , 4 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Т.Даулибаева " Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп" тақырыбында өтті.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Алға орта мектебі» КММ