Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ
МЕНЮ
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" айлығы барысында "Заңды құрметтеу - жауапкершілікті арттыру" тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен адалдық құндылықтарын қалыптастыру. Оқушылардың заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен заңға бағыну мәдениетін дамыту арқылы саналы, жауапты азамат тұлғасын тәрбиелеу. 2 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Г.Каленова "Бала және заң", 11 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі С.Мадраимова "Біз - сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында өтті.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Алға орта мектебі» КММ



