Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде «Нағыз ер азамат – намыс пен жауапкершілік» тақырыбында 5-11 сынып білімалушыларымен ұлдар жиналысы өткізілді.
Алға орта мектебінде күнде сабақ басталар алдындағы таңғы жаттығу.
Жамбыл облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары мен мектеп психологы бірлесіп, 8-11 сынып білім алушыларымен "Буллингсіз болашақ" тақырыбында буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. "Буллинг" тақырыбында жасырын сауалнама алынды. Оқушыларға психологиялық кеңес береді.
Алға орта мектебінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатының аясында іс-шара жоспары бойынша педагог ұйымдастырушы А.Базарбаеваның ұйымдастыруымен "Менің отаным - Қазақстан " патриот жастар челленджі өтті. Челленджді бастауыш сыныптар орта буынға жолдады. Мақсаты: Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, мемлекеттік рәміздеріне, тарихы мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты елдің дамуына белсенді атсалысуға, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайтуға бағыттау, шығармашылық белсенділігін арттыру.





