Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ
Білім беру саласы: Коммуникативтік дағды
Сабақтың тақырыбы: «Ағаштармен танысу»
Мақсаты:Ағаш бөліктерін атау:дін,бұтақ,жапырақ,оларды ажыратып атауға үйрету.Артикуляциялық жаттығу: «ду-ду» «да-да». Сурет бойынша әңгіме құрап,ағаштарға қамқорлық жасауға баулу.
Балалармен ағаш,олардың бөліктерін атау.Ағаштың құрылысымен таныстыру.Суреттер бойынша ағаш түрлерін таныстыру,олардың айырмашылығын айту. Ағаш биік,антонимдер:биік-аласа,қалың-жұқа. Сергіту сәті
«Ағаш пен жел» әңгімесін тыңдау.Кейіпкерлердің әрекеттерін талдау.Ағаштарға қамқорлық жасауға,оларды сындырмай қорғауға баулу.

23.01.2026 ж аудандық “Бір экран-бір команда: тірек мектептен ауылға дейінгі сапа көпірі” тақырыбындағы тірек мектеп пен магниттік мектептер арасында өткізілген семинарда Алға орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әуес Фариза Миятханқызы өз іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында 5 сыныппен “Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру” тақырыбында ашық сабақ өткізді.



