Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ

МЕНЮ

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" айлығы барысында 8-11 сынып білім алушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі жөнінде ақпарат беру.
Түсіндірме жұмыстары барысында білім алушыларға:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары;
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері;
әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері;
зиянды әдеттердің және теріс әрекеттердің салдары туралы мәліметтер берілді.Сондай-ақ оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, құқықтық жағдайлар мысал ретінде талқыланды. Іс-шара барысында оқушылардың белсенділігі байқалып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Жүргізілген түсіндірме жұмыстары білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға оң ықпал етті.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Алға орта мектебі» КММ