"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" айлығы барысында "Жолда жүру мәдениеті - сені де, мені де сақтайды" тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: Білім алушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімін арттыру, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту. Оқушыларды жол ережелерін сақтауға, өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу арқылы қауіпсіз орта қалыптастыру.
6 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі М.Примбердиева " Реттеушінің белгілері" , 4 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Т.Даулибаева " Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп" тақырыбында өтті.


