Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде «Нағыз ер азамат – намыс пен жауапкершілік» тақырыбында 5-11 сынып білімалушыларымен ұлдар жиналысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында намыс, жауапкершілік, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ер азаматқа тән мінез-құлық пен өмірлік ұстанымдарды түсіндіру. «Намыс» ұғымының мәні, оның адам өміріндегі орны, ер азаматтың отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен сөз қозғалды. Ер азаматтың сөзіне беріктігі, адал еңбек етуі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Ер азамат болудың басты өлшемдері — намысқа адалдық пен жауапкершілікті сезіну екені айтылып, жастарды саналы, тәртіпті, елжанды азамат болып қалыптасуға шақыру жасалды.


