Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде Ауған кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагері Қойшыбаев Самат Өксікпайұлымен кітапханада дөңгелек үстел отырысы өтті. Ауғаныстан соғысы 1979-1989 жылдары Ауғаныстан аумағында болған қарулы қақтығыс.Бұл соғысқа бұрынғы Кеңес одағы әскерлері қатысқан.1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскері Ауғанстаннан толық шығарылды. Соғыс 10жылға созылды .
Мыңдаған адам қаза тапты..Кездесу барысында Ардагер ағамызға көптеген сұрақтар қойылды. Өзінің басынан өткен сұрапыл соғыстың енді қайтып келмеуін ,болашақ ұрпағымыз бейбітшілік заманда өмір сүрулерін баса айтты.Кейінгі жастарға білікті ,білімді ,зейінді болуларына , тек биіік биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.


