Алға орта мектебінде информатика пәні мұғалімі М.Жусанбаев "Қауіпсіз интернет" күні аясында білім алушылардың интернет кеңістігін қауіпсіз әрі жауапты пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында педагогтарға интернеттегі жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу, күмәнді сайттар мен ақпараттардан сақтану, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар интернеттегі әдеп, цифрлық жауапкершілік және онлайн ортадағы құқықтар мен міндеттер түсіндірілді.
Нәтижесінде педагогтардың интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдылары қалыптасып, өз құқықтары мен жеке ақпараттарын қорғауға деген жауапкершілігі артты.


