– Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаев шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау;
– Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру;
– Ақын жырлары арқылы туған жерге, ана тіліне, елге деген патриоттық сезімді ояту;
– 7–9 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытып, өнерге баулу;
– Әдебиет пен музыка үндестігін сезіндіре отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу;
– Ақын мұрасын құрметтеуге, ұлттық мәдениетті бағалауға тәрбиелеу.


