Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Алға орта мектебі» КММ
"Бір ел-бір кітап" Республткалық акциясы аясында халық жазушысы,қазақ әдебиетінің,көрнекті өкілі,жазушы Қабдеш Жұмаділовтың "Тағдыр" атты романы таңдалды. Қабдеш Жұмаділов туындыларында қазақ халқының көші-қоны,азаттық жолындағы күресі батырлық пен бірлік мәселелері суреттеледі.
Алға орта мектебінде "Кітаппен қанаттан" жобасын іске асыру мақсатында 3 сынып білім алушылары "Кітап оқып жарысайык" атты марофонға қатысты. Мақсаты: білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптасытру оқыған ертегілерінің мазмұнын аша білуге, ойлау, талдау, өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін дамытуға ықпал етіп,оқуға құштар білімді тұлға тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Алға орта мектебінде 4 сынып білім алушысы Талғар Әмір кезекті марофонға қатысты. Кітап оқу марофоны білім алушыларды,жүйелі түрде кітап оқуға тарту,оқу мәдениетін қалыптастыру,рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту. Мақсаты: Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру,оқырман белсенділігін көтеру,оқушының сөздік қорын ойлау қабілетін және өзіндік көзқарасын дамыту.
Мектебімізде жүзеге асып жатқан "Кітаппен қанаттан" жобасы аясында 5 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған оқу марафоны өз мәресімен өтіп жатыр.Жас өспірім шақта кітап оқу-тек ақпарат алу емес, бұл өзіңді тану және әлемді тереңірек түсіні жолы.






