Алға орта мектебінде 14 ақпан -Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы жоспарға сәйкес өткізілді.'Кітапханаға кітап сыйла " акциясы - оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру , кітап қорын толықтыру және қоғамда кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған игі шара.
Мақсаты: Кітапхана қорын сапалы әдебиеттермен байыту, жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және оқырмандар арасында ізгілік пен жанашырлық сезімін қалыптастыру .
Акция нәтижесінде кітапхана қоры жаңарып,оқырмандарға қолжетімді кітаптар саны артады. Сонымен қатар, кітап сыйлау арқылы әрбір азамат қоғамның рухани дамуына өз үлесін қосады.


